Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Бас мүфти «Biz_birgemiz» атты қайырымдылық керуеніне қатысты

2020 жылдың 22 наурыз 2020 20:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда имамдарымен бірге «Biz_birgemiz» атты қайырымдылық керуеніне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Діни басқарманың мәліметінше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осынау қиын сәтте елге қайырымдылық бағытта үлес қосайық деген үндеуіне Әзірет Сұлтан мешіті мен Астана жастары еріктілер тобы да үн қосып отыр.

«Қайырымдылық шараны батамен ашқан Бас мүфти сын сағатта көпшілікті үлгі болуға шақырып, еріктілердің еңбегіне ризашылығын білдірді. Осылайша, Наурызбай қажы Тағанұлы өзі бастап, бөлінген азық-түлікті мұқтаж отбасыларға табыстап Наурыз мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде қажетті азық-түлікке қол жеткізген жандар алғысын жаудырып жатты», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, мұндай игі шара коронавирусқа байланысты карантин жарияланған еліміздің екі ірі қаласында жалғасып жатыр.


Жоғары қарай