Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 378.36
EUR 411.92
RUB 5.76
CNY 53.92

«Барыс» - «Автомобилист» ойынын қайдан көруге болады

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 02:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Автомобилист» (Ресей) командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бұған дейін 30 мәрте кездескен. Онда «Барыстың» салмағы басым. Елордалық клуб 19 мәрте жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы үш кездесуде «Барыс» хоккейшілері басым екенін көрсетті. Қос клуб биылғы бәсекеде төрт мәрте мәрте кездесп үлгерді. Үш ойында қазақстандық хоккейшілердің мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде екі команда қатарлас тұр. «Барыстың» қоржынында 69 ұпай болса, «Автомобилист» клубы 65 ұпайды еншілеген. Олардың елордалық командадан бір ойыны кем. Сондықтан турнир кестесіндегі жағдайын жақсарту үшін екі команда да барын салатыны анық.

Ойын елорда уақытымен 20.00-де басталады. Кездесу QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Барыс» осылайша сырт айдында өткен төрт ойын сериясын аяқтап, елордаға оралады. елордада 30 қаңтарда Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) ойнаса, 1 ақпанда «Авангард» (Омбы) клубымен кездеседі.

Бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің Уфа қаласында жергілікті «Салават Юлаев» командасынан жеңіліп қалды.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай