Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Банктердің несиелік белсенділігі артып келеді – Ұлттық банк төрағасы

2019 жылдың 13 тамыз 2019 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстандағы несие және депозит нарықтарының ахуалы қалай болып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Банктер несиелік белсенділігін ұлғайтып келеді. Сәуір-маусым айларының аралығында жүргізілген банктерді қалыпқа келтіруден кейін несиелік портфель 3,5%-ға немесе 433,6 млрд теңгеге жетті. Яғни 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұзақ мерзімді несиелер – 11,0 трлн теңге, қысқа мерзімді несиелер – 1,9 трлн теңгеге тең болды. Бизнес үшін несиелерге қолжетімділік артуда: маусымда теңгемен несиелер бойынша ставка өткен жылғы маусымдағы 12,5%- бен салыстырғанда 11,7%-ға дейін төмендеді», - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, несиелеудің өсуіне қорландыру базасының сапалы түрде жақсаруы ықпал етіп отыр.

«Бұл ретте еурооблигацияларды (ҚазАгро) өтеу, сондай-ақ жекелеген ірі салымшылардың валюталық депозиттерді шетелдік қаржы ұйымдарына аударуы нәтижесінде шетел валютасындағы депозиттер 19,8%-ға қысқарды. Соның салдарынан, депозиттерді долларландыру маусымның соңында 41,6%-ға дейін төмендеді», - деді ол.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, Банктер,
Жоғары қарай