Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Банк секторында өзгерістер болып жатыр - Олег Смоляков

2019 жылдың 6 маусым 2019 13:53 1428

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 4 айда теңгедегі депозиттер 5,8 пайызға өсті. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетел валютасындағы салымдарды теңге салымдарына ауыстыру үрдісі жалғасуда. Теңгедегі депозиттер өткен жылы 4,5 пайызға, ал ағымдағы жылдың 4 айында тағы да 10,1 трлн теңгеге дейін, яғни 5,8 пайызға өсті. Нәтижесінде, депозиттердің жалпы көлемі 17,1 трлн теңгеге жетті, ал депозиттердің долларлануы 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша 41 пайызға дейін төмендеді», - деді Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

О. Смоляковтың айтуынша, еліміздің банк секторында айтулы өзгерістер болуда. Жұмыс істемейтін қарыздардың көлемі 20 пайызға жуық төмендеді. Ағымдағы жылы банк секторын сауықтыру процесі жалғасады.

Бұл ретте ол жаңа кредиттер беру өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, биылғы 4 айда 10,3 пайызға ұлғайғанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, инфляцияның тұрақтануы Ұлттық банкке базалық ставканы төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

 

 

Жоғары қарай