Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Балықтың қырылуы: Сенатор күдікті-субъектілердің тексерісіне қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 17 сәуір 2019 21:37 714

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына келген Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов балықтардың қырылуына күдікті субъектіге тексеріс уақыт күттірмей жүргізілуі тиістігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Алайда, тергеу барысында балықтың дәл неден қырылғаны да, судың қалай уланғаны да анықталған жоқ. Меніңше, оған тексерістің тым кеш басталғаны себеп болды. Бүгінде, бақылау органдары тексерісті бастау үшін прокуратурадан рұқсат алуы тиіс. Оған белгілі бір уақыт кетеді. Қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Экологиямен, адам денсаулығымен байланысты төтенше жағдайлар кезінде қадағалау органдарында тексерісті апат болған күні бастауға мүмкіндік беретін құқығы болуы тиіс. Прокуратура органдарының рұқсатынсыз-ақ», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Жайық өзенінде балықтар жаппай қырылған болатын. Жалпы 120 тонна балық соның ішінде, 36 мың орыс және Сібір бекіресі қырылған.


Автор: А. Соколов

 

 

Жоғары қарай