Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Балалар үйлерінің саны елеулі көлемде қысқарды – Білім министрі

2019 жылдың 21 қазан 2019 12:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалар үйлерінің саны 140-тан 107-ге дейін қысқарды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар үйлерінің саны 140-тан 107-ге дейін қысқарды, яғни айтарлықтай азайды. Балалар үйлерінің тәрбиесіндегі жеткіншіктер саны 30 пайызға төмендеді», - министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.

Айта кетейік, бүгінде 107 балалар үйі жұмыс істейді, жалпы контингенті 24 612 бала бар. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына келіп түскен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың 100 пайызы әлеуметтік бейімделуден өтіп, отбасыларға берілді (3907 бала).

Бұдан бөлек, А. Аймағамбетов 2020 жылға қарай барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау камералаармен толықтай жасақталатынын атап өтті.

Жоғары қарай