Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Балабақша директоры мен тәрбиешінің төбелесі: Сот үкімі шықты

2019 жылдың 22 ақпан 2019 11:14 3755

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Айналайын» жекеменшік балабақшасының директоры тәрбиешілердің бірін соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мекеме басшысы Гүлжанат Мұратбайға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Соттың анықтауынша, 14 ақпан күні сағат 17:00-де «Айналайын» балабақшасының директоры тәрбиешінің көмекшісі У.-мен сөзге келісіп қалып, ыдыспен басынан ұрып жіберген. Солайша, денсаулығына жеңіл зардап келтірген. Директордың кінәсі медициналық сараптаманың қорытындысымен және оқиға куәгерлерінің сөздерімен дәлелденді», - делінген соттың хабарламасында.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») 1-тармағына («Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») сәйкес, соттың шешімімен балабақша директорына 37 875 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

Басты сөздер: Сот, Маңғыстау облысы, Аймақ,
Жоғары қарай