Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

«Бақытты отбасы»: 2% ипотека қанша адамға беріледі

2019 жылдың 15 шілде 2019 15:17 295

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық баспана бағдарламаларын біріктіріп, бірыңғай түсінікті тұрғын үй саясатына айналдыру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші жартыжылдықта жоспарлық көрсеткішті (баспана салу бойынша – ред.) қуып жетесіздер деп үміттенемін. Жалпы үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, бірақ баспана қолжетімдігі мәселесі соңына дейін шешілмеді. 2012 жылы кезекте тұрғандар саны 487,8 мыңға дейін 2 еседен астам көбейген. Кезек үнемі өсіп келеді. Сондықтан, ҚР Тұңғыш Президенті 2% баспана қарызы механизмі бар «Бақытты отбасы» бағдарламасын ұсынды. Бұл жақсы бағдарлама, бірнеше айдан бері жұмыс істеп келеді. Оның нәтижесі қандай?» – деп сұрады Президент ҚР ИНдустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдан.

Министр жыл соңына дейін жоспар бойынша 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін айтты.

«Біз бұл жоспарды орындаймыз. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 400 мың шаршы метрге қалып қоюымыз мүмкін, бірақ белсенді жұмыс істейтін боламыз. «Бақытты отбасына» қатысты 2 айда барлық ережені жасадық, 1 шілдеде өтінім қабылдауды бастадық және бүгін төлемдер басталды. 6 000 несие биыл беріледі», - деді Роман Скляр.

Өз кезегінде Президент барлық баспана бағдарламаларын біріктіруді ұсынды.

«Барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай түсінікті баспана саясатына шоғырландыру қажет. Биылғы қыркүйектің 1-іне дейін бұл мәселе бойынша ұсынымдар енгізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай