Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Бакуде парламентші әйелдердің халықаралық конференциясы өтіп жатыр

2019 жылдың 14 маусым 2019 17:36 1076

БАКУ. ҚАЗаҚПАРАТ - 14-15 маусымда Әзірбайжан Республикасы Парламенті Милли Меджлисі мен ТҮРКПА хатшылығының қолдауымен Бакуде «БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі түркі әлемі әйелдерінің ролі» тақырыбында парламентші әйелдердің халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Бұл жөнінде Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова бастап барған қазақстандық делегация құрамында Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Динар Нөкетаева да бар.

Милли Меджлис төрағасының орынбасары Бахар Мұрадованың шақыруы бойынша конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия Парламенттерінің делегациялары, Түрік мұрасы мен мәдениеті халықаралық қорының Президенті, Әзірбайжан Республикасы министрліктері мен мекемелерінің, Түрік кеңесі мен Халықаралық түрік академиясының, Әзірбайжанның ғылыми және қоғамдық орталарының өкілдері қатысуда.

Конференция қатысушыларының алдында сөз алған сенатор Д.Нөкетаева кез келген қоғамның әлеуметтік діңгегі ретінде берік отбасыны сақтап қалудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Сенат депутаты Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасыны қорғау жөніндегі ұлттық стратегияның негізгі ережелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, отбасының экономикасы мықты болған сайын қоғамның өзіндік тартымды мәдени ерекшелігін сақтау мүмкіндіктері басым болады.

 







 

 

Жоғары қарай