Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Баку университетінде Абайға арналған кеш өтті

2019 жылдың 11 қараша 2019 17:43

БАКУ. ҚазАқпарат – Баку мемлекеттік университетінде ұлы Абайдың шығармашылығына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бақу мемлекеттік университеті жанында ашылған Абай орталығының бастамасымен журналистика факультетінде ақын, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың шығармашылығына арналған кеш өтті.

Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған іс-шара журналистика және филология факультетінің барлық білім алушылары үшін міндетті болып табылатын «Түркі халықтарының әдебиеті» курсы бойынша студенттердің білімін жетілдіруге бағытталған.

Абай өлеңдерін оқумен басталған кеш, оның «Қара сөздері» бойынша пікірталастармен жалғасты.










Жоғары қарай