Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Бағдат Манзоров еңбек демалысына шықты

2019 жылдың 18 қазан 2019 20:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров еңбек демалысына шықты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров қазан айының 14-нен 1 қарашаға дейін ақысыз еңбек демалысына шықты. Бұған дейін бұл кісі денсаулығына байланысты демалысты болды. Бізге құзырлы органнан ол кісі туралы ешқандай құжаттар түскен жоқ. Ақысыз еңбек демалысына кету туралы арызды өз қолымен жазды, бірақ көмекшісі әкеп берді», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйек күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын растады.

Айта кетейік, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы биыл шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Жоғары қарай