Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Әзиза Тоқашева «Miss Union Fashion-2019» байқауында өнер көрсетеді

2019 жылдың 23 сәуір 2019 12:12 456

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Miss Intercontinental Kazakhstan-2018» жүлдесінің иегері Әзиза Тоқашева Өзбекстанда өтетін IV Халықаралық «Miss Union Fashion-2019» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 жастағы бойжеткен халықаралық байқауға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Осыдан бір жыл бұрын Филиппинде өткен «Miss Intercontinental 2018» сән байқауында да бақ сынаған еді. Ал алдағы «Miss Union Fashion-2019» байқауы Ташкентте 25 сәуірде өткізіледі.

Аталмыш байқауға Азия, Африка, Еуропа елдерінен өкілдер қатысатынын айта кету керек. Әрбір қатысушы өз стилінде елінің мәдениеті мен дәстүрін паш етеді. Төрешілер қатысушыларға үш бағыт бойынша - сыртқы келбеті, интеллектуалдық қабілеті мен ұлттық мәдениетін таныстыру талаптары бойынша баға береді. Байқаудың тәртібіне сәйкес, сайысқа 16-29 жас аралығындағы бойжеткендер қатыса алады.


Байқау сахнасында Ресей, Беларусь, Башқұртстан, Израиль, Қазақстан, Тәжікстан, Тыва Республикасы мен Украина елдерінің сұлулары бақ сынайды.


Халықаралық шара аясында Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан мен Ұлыбритания елдері дизайнерлерінің коллекциялары көрсетіледі.


 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай