Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты

2019 жылдың 25 сәуір 2019 19:14 898

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 4 боксшымыз финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Олардың қатарында Закир Сафиуллин (60 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар.

Закир Сафиуллин үндістандық Шива Тхапаны тізе бүктірсе, Тұрсынбай Құлахмет түркімен Нурсахат Паззыевтің осал тұсын тапты . Сондай-ақ, Бек Нұрмағанбет (81 келі) қырғыз жігіті Эркин Эркин Адылбек уулун жеңсе, Қамшыбек Қоңқабаев үндістандық Сатиш Кумардан басым түсті.

Бүгінгі кездесулерде Теміртас Жүсіпов (49 келі) алған жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алған жоқ . Нәтижесінде қола жүлдені місе тұтты. Санатәлі Төлтаев (64 келі) тәжікстандық Баходир Усмоновқа қарсы тұра алмады. Ал Василий Левит (91 келі) Оңтүстік Корея елінен келген қарсыласы Ким Хьен Кюге жол берді .

Қыздар арасында Дариға Шәкімова (69 келі) қытайлық Тайбей елінің өкілі Ниен Чин Ченге жол берсе , Фариза Шолтай (81 келі) үндістандық Пуджей Раниден сүрінді. Сондай-ақ, Милан Сафронова (64 келі) қытайлық Дан Доуға есе жіберді.  Осылайша біздің құрамадағы қыздар арасынан ешкім финалға шыға алған жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, Азия чемпионатының финалдық ойындары 26 сәуірде өткізіледі. 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс,
Жоғары қарай