Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Азия чемпионаты: Қазақстандық екі боксшы ширек финалға шықты

2019 жылдың 20 сәуір 2019 15:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Дина Жоламан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртас Жүсіпов 49 келіде ел намысын қорғайды. Бүгін ол 1/8 финалда таиландтық боксшы Самак Саеханды жеңді. Айта кетерлігі, аталмыш жекпе-жек Теміртастың құрлықтық додадағы алғашқы бәсекесі болып табылады. Бұдан бұрын ширек финалға біздің құрамадан Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев шыққан еді.

Қыздар арасында Дина Жоламан 54 келіде 1/8 финалда Біріккен Араб Әмірлігінен келген Фахима Альфакимен кездесті Жекпе-жек екінші кезеңде аяқталды. Араб боксшысы кезекті нокдаун алып, жарысты жалғастыруға денсаулығы жараған жоқ. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін біздің еліміздің құрамасынан тағы бес былғары қолғап шебері шаршы алаң төрінде тайталасқа түседі. Қыздар арасында Дина Жоламан 54 келіде 1/8 финалда Біріккен Араб Әмірлігінен келген Фахима Альфакимен кездеседі.

Сондай-ақ, жігіттерден Қайрат Ерәлиев (56 келі), Санатәли Төлтаев (64 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), қыздардан Алуа Балқыбекова (48 келі) шаршы алаңға шығады.

Бұдан бұрын 1/16 финалда Оңтүстік Кореядан келген Ю Чан Лиді сүріндірген Қайрат Ерәлиев енді ирандық Сажат Моххамадпурсамаринмен қолғап түйістіреді. Ал алғашқы жекпе-жегінде индонезиялық Либертус Гахты жеңген Санатәли Төлтаев бүгінгі жекпе-жегінде таиландтық Сомчай Вонгсуванмен ширек финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады. Тағы бір боксшымыз Тұрсынбай Құлахмет кувейттік Юсеф Хуссейнмен шаршы алаңға шығады. Ол кеше Солтүстік Кореядан келген Чон Ли Хонды орта жолда қалдырып кетті.

Ал Алуа Балқыбекова 48 келіде 1/8 финалда корей қызы Чоронг Пакпен кездеседі.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай