Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

2019 жылдың 18 сәуір 2019 20:22 815

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Таиланд астанасы - Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетелік, аталмыш чемпионатта еліміздің жігіттер құрамасы барлық 10 салмақта сынға түседі. Жекпе-жек ойындары 19 сәуірден басталады. Жеребе тарту арқылы олардың қарсыластары анықталды.  

Біздің боксшыларда 49 келіде бақ сынайтын Теміртас Жүсіпов өзінің жарыс жолын 1/8 финалдық ойындардан бастайтын болды. Оған таиландтық Самак Саехан қарсылас атанды. Ал 52 келідегі Әнуар Мұзаппаров жарыстың 1/16 сатысында Моңғолиядан келген Енкмандах Хардурджумен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ, жарыстың аталмыш сатысында 56 келідегі былғары қолғап шебері Қайрат Ерәлиев корей жігіті Ю Чан Лимен кездессе, Зәкір Сафиуллин (60 келі) 1/8 финалда вьетнамдық Вей мен Біріккен Араб Әмірлігінің боксшысы Альдраби Шехаб жұбының жеңімпазымен шаршы алаңға шығады. 

Санатәли Төлтаев 64 келі салмақта жарыстың 1/8 финалдық сатысында Индонезия спортшысы Либертус Гаға қарсы шығады. Жарыстың аталмыш сатысында Асланбек Шымбергенов (69 келі) корей Хьюн-Чул Лим және таилндтық Ардимен жолығады. Ал 75 келідегі боксшымыз Тұрсынбай Құлахмет 1/16 финалда Солтүстік Кореядан келген Чон Ли Хонмен қолғап түйістірсе, Бек Нұрмағанбет (81 келі) 1/8 финалда кувейттік Альмутахирдің осал тұсын іздейтін болады. Ал Василий Левит (91 келі) ирандық Амиримен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) непалдық Ашис Давадимен ширек финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Бұдан бұрын Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталғанын хабарлаған едік.

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай