Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Азия чемпионаты: Қазақ боксшысы қарсыласын 20 секундта ұтып, финалға шықты

2019 жылдың 25 сәуір 2019 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын 20 секундта ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75 келі салмақтағы қазақстандық боксшы жартылай финалда түрікменстандық Нұрсахат Паззыевты ұтты. Жекпе-жек бар-жоғы 20 секундқа созылды. Құлахметтің тура сілтеген жалғыз жойқын жұдырығы қарсыласының мұрнын сындырып, төреші жарысты бірден тоқтаты.

Айта кетейік, Құлахмет ширек финалда өзбекстандық Исраил Мадримовті жеңген болатын. Ол кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, «Құбыжық» деген лақап атпен танылған боксшы. Міне, бүгін жартылай финалда да қарсыласын оңай ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынына үш қола медаль түскен болатын. Оларды Теміртас Жүсіпов, Василий Левит және Санатәлі Төлтаев алып келді.

Жартылай финалға шыққан қазақстандық боксшылардың тізімі:

Ерлер:

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)

60 келі. Зәкір Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)

64 келі. Санатәлі Толтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нұрсахат Паззыев (Түркменстан)

81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)

91 келі. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Үндістан)

Әйелдер:

64 келі. Милана Сафронова - Дан Ду (Қытай)

69 келі. Дариға Шәкімова -Ниен Чин Чен (Қытай)

81 келі. Фариза Шолтай - Пуджа Рани (Үндістан)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева - Сяоли Янг (Қытай).

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай