Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Азия чемпионаты: Илья Ильин бесінші орынды қанағат тұтты

2019 жылдың 25 сәуір 2019 19:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бесінші орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Илья Ильин 96 келі салмақта сынға түсті. Ол қоссайыстың қорытындысымен 345 келіні бағындырды. Нәтижесінде Илья бұл көрсеткішімен бесінші орыннан әріге аса алған жоқ.

Азия чемпионатында бұдан бұрын жігіттер арасында үш қазақстандық спортшы сайысқа түсті. Олардың арасынан Арли Чонтей (55 келі) мен Денис Уланов (81 келі) қола жүлдеге қол созды. Ал Фархад Харки (67 келі) алғашқы ондықты қорытындылады. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов алған жарақатына байланысты жарысқа шықпады.

Әзірге қыздар арасында жүлдеге ешкім іліккен жоқ. Зульфия Чиншанло (55 келі) төртінші орынды қанағат тұтса, Карина Горичева (64 келі) бесінші орын алды.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Статистика,
Жоғары қарай