Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Азиада: Қытайдағы қандасымызды жеңген қазақстандық балуан - жартылай финалда

2018 жылдың 19 тамыз 2018 17:06

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында еркін күрестен 65 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақстандық балуан Саятбек Оқасов жартылай финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі хабарлағандай Саятбек бірінші айналымда Палестина, екінші айналымда Оңтүстік Корея балуандарын айқын басымдылықпен ұтты. Ал ширек финалда Оқасов Қытай атынан сынға түскен қазақ баласы Ерланбек Кәтейді 9:5 есебімен тізе бүктірді.

Енді отандасымыз жартылай финалда жапондық балуанмен сынға түседі.

Фото: www.olympic.kz

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай