Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Әзербайжанда анар фестивалі өтуде

2019 жылдың 12 қараша 2019 19:35

БАКУ. ҚазАқпарат – Анар – Әзербайжан мемлекетінің символы және оған бұл елде ерекше мән беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анар фестивалі 2006 жылдан бері аталып өтіліп келеді. Мейрам күндері анардың әр түрлі сұрыптары, осы жеміс түрінен дайындалған тәттілер, шырындар мен басқа тағамдар қойылған көрмелер ұйымдастырылады.

Шарада анар өсіретін барлық шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды




Мерекеге келген қонақтарға анар ағаштары және 1 келіден асатын түрі көрсетілді. Фестивальге қатысушы ұжымдар анар дәндерінен мемлекеттік рәміздер мен түрлі фигуралар жасады. Мейрам қонақтарының назарына ұсынылғандардың барлығы анардан жасалған.

Жыл сайын анар бау-бақшаларында ондаған мың тонна тәтті жеміс жиналады, олардың бір бөлігі экспортталады.







Анарды тек тамақ ретінде ғана емес, емдік мақсатта да қолданады. Аталған жеміс тамырының қайнатпасы ауырсынуды басады, ал одан жасалған шырын қан қысымын тұрақтандырады, тәбетті жақсартады.






















Басты сөздер: Әлем, Әзербайжан,
Жоғары қарай