Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Әзербайжанда 5 сәуірден бастап азаматтардың қозғалысына шектеу қойылады

2020 жылдың 3 сәуір 2020 07:49

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Республикасының үкіметі жанындағы Жедел штаб COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу мақсатында елде 5 сәуір сағат 00:00-ден бастап 20 сәуір сағат 00:00-ге дейін қозғалысты шектеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметшілерге, бірқатар ведомстволардың, кәсіпорындар мен объектілердің қызметкерлері мен өкілдеріне қызметтік куәліктерін немесе жұмыс орнынан анықтамасын көрсету негізінде жүруге рұқсат беріледі.

Сонымен қатар сол уақытта жеке тұлғалардың қозғалысына рұқсат етіледі, жұмыс беруші деректерді электронды қолтаңбаны қолдана отырып icaze.e-gov.az порталына енгізеді.

Басқа адамдар шұғыл медициналық көмек қажет болса және кестеге сәйкес ем алуы үшін; азық-түлік және басқа да күнделікті тауарларды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін, банк және пошта байланысы қызметтерін пайдалану; жақын туысының жерлеу рәсіміне қатысу үшін тұрғылықты жерінен шыға алады.

Бұл ретте тұрғылықты жерінен кетуге рұқсат алу үшін азаматтар үш индекстің бірін және жеке басын куәландыратын деректерді енгізе отырып, 8103 нөміріне SMS-хабарлама жолдаулары тиіс.


Фото: www.meydan.tv
Басты сөздер: Әлем, Әзербайжан, Коронавирус,
Жоғары қарай