Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң 16 шілдеде күшіне енеді

2019 жылдың 12 шілде 2019 11:58 579

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң осы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президент - Елбасы жеке тұлғалар өздерінің салықтары бойынша борышының негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығарып, олар үшін салықтық рақымшылық жүргізуді Үкіметке тапсырғанын барлығыңыз білесіздер. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін тиісті заңдарға Мемлекет басшысы қол қойды  және ол 5 шілдеде ресми жарияланды. Яғни, 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі», - деді вице-министр.

Қанат Байеділовтің айтуынша, салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілетін болады және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізіледі.

 

 

Жоғары қарай