Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкенттегі қызметкерінің алаяқтық күдігіне ілінуіне түсінік берді

2019 жылдың 13 қараша 2019 17:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласындағы филиалы маманының алаяқтықпен айналысқан деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«13 қарашада бірнеше БАҚ беттерінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қалалық филиалы бойынша құқықтық қамтамасыз ету маманы алаяқтықпен айналысқан деген жаңалық шықты. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы маманының аталған іс-әрекеті оның лауазымдық міндеттерімен және мемлекеттік корпорацияның тікелей қызметімен байланысты емес екенін хабарлайды», - делінген хабарламада.

Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» өз қатарының адалдығы қағидаттарын ұстанатындығы, сол себепті өз күшімен, сондай-ақ уәкілетті және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізетіні аталып өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының құқықтық қамтамасыз ету маманы алаяқтық жасады деп күдікке ілінді.

Жоғары қарай