Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 8 сәуір 2019 11:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалғыз акционер - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімімен Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды.


Әсемгүл Серікқызы 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (мамандығы - «бухгалтерлік есеп шаруашылықтағы бақылау және сараптама»), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (мамандығы - «экономика және менеджмент») тәмамдаған.

1997-2011 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2011-2012 жж. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ басқарған. Кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-да директор орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған шақта мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі дирекциясына басшылық етті.

2017 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Жоғары қарай