Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Әйелдер қауымы жаңа әлеуметтік саясатты толық қолдайды - Гүлшара Әбдіқалықова

2019 жылдың 1 сәуір 2019 17:53 746

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVII съезінде Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті. Алдағы он жыл біздің өркениетті 30 мемлекеттің қатарына жылжуымыздағы шешуші кезең болмақ. Әлеуметтік дамытуға арналған кезек күттірмес шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы. Осыған байланысты бүгінде үш бағыт бойынша жаңа әлеуметтік саясат іске асырылады. Аз қамтылған топтардың табысын арттыру және қолдау, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту, үшінші - өңірлерді кешенді түрде дамыту», - дейді Г.Әбдіқалықова.

Гүлшара Наушақызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасының сындарлы саясатын жалғастыратынын да тағы бір мәрте еске салды. Осы орайда мемлекеттің бағыты үш негізгі принципке негізделеді. Олар - сабақтастық, әділдік және прогресс. «Әйелдер қауымы да жаңа әлеуметтік саясатты толық қолдайды және жүзеге асыруға белсенді атсалысады деп сенеміз», - деді Г.Әбдіқалықова.


Отырыс барысында «Қазақстанның әйелдері мен ерлері» атты жыл сайынғы жинақтың статистикалық мәліметтерін жинақтау мәселесі қаралды. Ресми ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың басында Қазақстан халқының саны 18,4 миллион адам болды. Соның 9,5 миллионы - әйелдер. Елімізде 4 миллион отбасы бар. Оның ішінде 340 мыңнан астамы - көпбалалы отбасылар. 132 606-сы қалада, 207 771-і ауылда тұрады.

Бұдан бөлек, бүгінгі отырыста Ақмола облысында 2030 жылға дейінгі ҚР Отбасы және гендер саясатын іске асырудың үш жылдық жоспарын атқару жайы да талқыланды. Сондай-ақ, комиссия мүшелеріне Пекин декларациясын орындау жөніндегі ұлттық шолудың жобасы таныстырылды.



 

Жоғары қарай