Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Автокөліктен өрт шықса не істеу керек

2019 жылдың 19 мамыр 2019 18:08 1007

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Автокөліктен өрт шықса не істеу керек? Мамандардың айтуынша, көлік орта есеппен 5-10 минуттің ішінде толық жанып кетеді екен. Сол себепті өрт сөндірушілер келгенге дейін оттың таралуына жол бермеу керек. СҚО ТЖД аға инженері Әсем Хамзина ҚазАқпрат тілшісіне оқыс оқиға туған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін айтып берді.

Соңғы уақытта Солтүстік Қазақстан  облысында автокөліктен шығатын өрттер жиілеп кеткен. Тек жыл басынан бері 36 өрт тіркеліп, 3 миллион 150 мың теңге материалдық шығын келген. Олардың 20-сынан көбі жеңіл автокөліктерде, қалғандары жүк тасу травнспортында және қоғамдық көліктерде болды.

Автокөліктердегі өрттердің шығуына көп жағдайда электр сымдарының тұйықталуы негіз болған.

«Көліктің өртенгенін сіз қалың қара түтіннің шығуынан білесіз, оны бірден жол жиегіне тоқтату керек. Отты сыртқы киіммен немесе басқа да затпен сөндіріп, уақытыңызды кетірмеңіз. Жарақат алуыңыз мүмкін. Отты өрт сөндіргішсіз сөндіремін дегеніңіз бос әурешілік. Егер от капот астынан шықса, капотты қырынан таяқпен немесе монтировкамен  байқап ақырын ашу қажет. Ашқан кезде өте сақ болған жөн, өйткені от жалындап кетуі мүмкін», - дейді департамент қызметкері Әсем Хамзина.

Көлікте өрт сөндіргіштің болғаны аса маңызды.

«Көлік астына төгілген жанармайды  сөндіру үшін өрт сөндіргішті қолданыңыз. Өрт сөндіргішті негізінен қатты жанып жатқан жерге бағыттаңыз. Отқа брезент жабуға, құм, топырақ шашуға, су құюға болады. Көліктің қалың өрт шалған жеріне пакетті суды күшпен лақтыру да тиімді. Өртті май болған немесе бензин төгілген киіммен сөндіруге болмайды», - дейді аға инженер.

Оның айтуынша, көліктің қандай түрінде болсын  іске жарамды, қызмет көрсету мерзімі шықпаған үнтақты өрт сөндіргіш (ОП-2) болуы міндетті. Болмаса жаңасын сатып алу немесе ескісін қайта толтыру қажет.

«Уақыт өткен сайын көліктің электр сымдарының жай-күйін  және басқа да өрт шығу қатері жоғары тетіктерін көзбен қарап тексеруді ұмытпаңыз. Қажет болса мамандарға жүгініңіз. Балаларды автокөлік салонында ата-анасының қарауынсыз қалдырмаңыздар. Сіреңкені көлікте ұстамаңыздар», - деп ескертеді азаматтық қорғау қызмет майоры. 

 

 

Жоғары қарай