Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 361.66
EUR 409.51
RUB 5.41
CNY 52.36

Автобустағы өрттен қаза тапқандар Ақтөбенің мәйітханасына жеткізіледі

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 19:51 1156

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылына жақын маңда болған өрт кезінде қаза болғандардың денесі облыс орталығына жеткізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Автобус өртінен соң арнайы топ Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына кетті. Қазіргі уақытта қаладағы мәйітханалар мүрделерді қабылдауға дайындалып жатыр.

«Облыс әкімдігі Ырғыз ауданының әкімдігімен бірлесіп зардап шеккендерге медициналық, психологиялық және өзге де қажетті көмектерді көрсетіп жатыр.

Ақтөбе қаласындағы мәйітхана қайтыс болғандардың мүрделерін қабылдауға дайындалды. Сонымен қатар, мүрделерді Ақтөбе қаласына жеткізетін көлік әзір. Ал өрттің себебін анықтау үшін төтенше жағдай орнына ІІД-нің жедел-тергеу тобы, сынақтық өрт зертханасы, жылжымалы жылыту бекеті жіберілді. Төтенше жағдай аумағындағы көлік қозғалысы реттеледі және сол орын қоршауға алынды. Оқиға болған жерге облыс әкімінің орынбасары С.Төленбергенов, ТЖД бастығының орынбасары Е.Өтегенов, облыс прокурорының орынбасары Д.Сыздықов, процессуалды прокурор О.Орынбасарұлы, облыстық ІІД басшысының орынбасары Е.Қалиақпаров кетті. Бұл оқиға облыс әкімдігінің үнемі бақылауында», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін таңертең болған өрт кезінде 52 жолаушы қаза болды, бес адам аман қалды. Қазір олар облыс облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр.  Барлығы 57 адам Шымкент қаласынан Ресейдің Қазан қаласына бармақ болған. Аман қалған бес адамның үшеуі көлік жүргізушісі, екеуі жолаушы.

Жоғары қарай