Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

«Автобус» жедел алдын алу шарасы: ШҚО-да 11 лауазымды тұлға жауапқа тартылған

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 22:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері 15-17 қаңтар аралығында автобустардың техникалық жағдайлары мен заң талаптарының сақталуын тексерді. Нәтижесінде 436 автобустың ішкі жылуы, электр жабдықтарының жай-күйі сүзгіден өтті. Тәртіп сақшылары олқылыққа жол берген автобус парктеріндегі 11 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ 17 автобус айыппұл тұрағына жеткізіліпті.

«Жедел алдын алу шарасы кезінде 115 мектеп автобусының техникалық жағдайы мен талапқа сай жабдықталуы тексеруден өтті. ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына білім беру нысандарының жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қосымша ұсыныстар жіберілді» - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған бірқатар автобус жүргізушілерін анықтаған. Нақты айтсақ, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген 16 қоғамдық көлік маршрутқа шығып кетсе, демалыс режимін бұзып рөлге отырған 14 жүргізуші тіркелген.

«Жылдамдықты асырғаны үшін 17 адам, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескені үшін 102 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп мәлімдеді ведомство өкілдері.


Жоғары қарай