Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Автобус өртінен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі - Өзбекстан ТЖМ

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 20:08 34

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында өртенген автобуста қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының денесі отанына жеткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үкімет комиссиясына Қазақстан өкілдерімен бірлесе отырып, апаттың туындау себептерін айқындау, ел азаматтарының тұлғасын тану бойынша шараларды жүргізу міндеттері жүктелген. Сондай-ақ комиссияға қаза тапқандардың денесі мен зардап шеккендерді Отанға жеткізуді, олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру тапсырылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 18 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен құрылған Премьер-министр басшылық ететін арнайы үкімет комиссиясы мінген ұшақ Ташкенттен Ақтөбеге жол тартты.

Оның құрамында Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және басқа ведомстволардың өкілдері бар.

Еске салайық, төтенше жағдай Ақтөбеден 320 шақырым қашықтықта Қалыбай кентінен 10 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолында болған.

Жедел штабта белгілі болғандай, автобус жолаушылары Өзбекстаннан Ресейге күнкөріс қамымен бара жатқан. Онда Өзбекстанның 54 азаматы мен 3 қазақстандық болған. Автобуста шыққан өрт салдарынан 52 өзбекстандық қаза тапты. Тірі қалғандардың арасында 3 қазақстандық және 2 өзбекстандық бар. Оларды жеңіл деңгейде күйік шалған. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары барысында анықталмақ. Осы оқиғаға байланысты арнаулы Үкіметтік комиссия құрылды.

Жоғары қарай