Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Автобус апатына түскен оқушылар Алматы ауруханасына ауыстырылды

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 16:48

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында көлік апатына түскен 8 оқушы мен бір мұғалім Алматы қаласының ауруханасына ауыстырылды. Зардап шеккендердің барлығы Алматы қаласындағы №134 мектеп-гимназиясында оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біздің ауруханаға 9 адам түсті. Оның 8-і - бала. Олардың жағдайы қанағаттанарлық және орташа деңгейде. Барлығына медициналық тексеру жүргізілді, диагноз қойылды. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасымен арадағы келісімшарт бойынша барлығы Алматыдағы №1 клиникалық ауруханаға жіберілді», - деді Жамбыл аудандық орталық ауруханасының директоры Дамир Сураужанов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға Жамбыл ауданындағы Қопа стансасына жақын маңда болған. Алдын ала болжам бойынша, автобус алдынан шыққан жылқыны айналып өтпек болып, көлік апатына ұшыраған. Ал ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, автобуста 47 адам болған. Олардың барлығы Таңбалы тасты көруге жолға шыққан.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай