Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Австралиялық әуе компаниясының ұшағы ең ұзақ рейс жасап, рекорд орнатты

2019 жылдың 21 қазан 2019 14:28

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Австралиялық Qantas әуе компаниясы ең ұзақ коммерциялық жолаушылар рейсін жасады, деп хабарлайды ВВС.

Сапардың мақсаты саяхаттың ұшқыштарға, экипажға және жолаушыларға қалай әсер ететінін анықтау еді.

Бортында 49 адамы бар Boeing 787-9 ұшағы Нью-Йорктен Сиднейге 16 200 шақырым қашықтықты 19 сағат 16 минут бойы тоқтаусыз ұшып өтті.

Компания келесі айда Лондоннан Сиднейге дейін кідіріссіз ұшып баруды жоспарлап отыр.

Qantas компаниясы мұндай әуе бағыттарын 2019 жылдың соңына дейін түбегейлі іске қосуды көздейді. Шешім қабылданған жағдайда аталмыш рейстер 2022 немесе 2023 жылдары жұмыс істей бастайды.

ВВС-дің мәліметінше, әзірге бірде-бір коммерциялық ұшақ жолаушы мен жүк толтырып алып, осындай ұзақ рейс жасап көрмеген.

Жол-жөнекей ешқайда қонбау үшін әуе кемесі жанармайды барынша толтырып, шектеулі мөлшерде ғана жүк тиеп ұшты.

Бортқа отырған кезде сағаттарына Сидней уақытын орнатқан жолаушылар Австралияның шығысында күн батқанша ұйықтаған жоқ. Оларға алты сағаттан соң көмірсуға бай тағамдар берілді. Содан кейін жолаушылар тез ұйықтап кетуі үшін ұшақта жарық сөндірілді.

Мамандар борттық сынақтар арқылы мидың пилоттық толқындарын, мелатонин деңгейін және сергектік сезімін бақылап, көптеген уақыт белдеулерінің адам ағзасында тоғысу әсерін талдады.

Айта кетейік, былтыр «Сингапур әуе жолдары» компаниясы Сингапурдан Нью-Йоркке шамамен 19 сағатқа созылатын ұшу рейсін ашты, қазіргі таңда ол әлемдегі ең ұзақ коммерциялық тұрақты рейс болып саналады.

Сондай-ақ былтыр Qantas компаниясы Перт – Лондон бағыты бойынша 17 сағаттық рейсті іске қосты, ал Qatar Airways компаниясы Окленд пен Доха арасында 17,5 сағаттық рейсті жүзеге асырып келеді.

Басты сөздер: Көлік, Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай