Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ауыл тұрғыны сөмкесінен 20 млн теңгенің әшекей бұйымдарын ұрлатқан

2019 жылдың 2 сәуір 2019 22:21 1097

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тұрғыны сөмкесінен 20 млн теңгенің әшекей бұйымдарын ұрлатқан.  Келес ауданында тұратын жәбірленуші қымбат бұйымдарының жоғалғанын үйіне барғанда бір-ақ білген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, заттары ұрланған жергілікті тұрғын наурыз айының соңында Келес АПБ-не арызданған. Оның айтуы бойынша, жедел-тергеу тобы құрылған.

«Қылмысты тез арада ашу үшін полицейлер тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, базарларда қойылған бейнекамераларды тексеріп шыққан. Қажетті деген іс-шаралардың барлығын дерлік атқарып, бейнекамералардың бірінен күдікті анықталған. Нәтижесінде сезікті «ізін суытпай» ұсталды. Ол бұрын сотты болған Жетісай қаласының тұрғыны екен. Күдіктіні тексеру барысында полицейлер ұрланған бағалы бұйымдардың бір бөлігін тәркіледі» делінген хабарламада.

Қалған заттарды күдікті сатып, өз қажетіне жаратып жіберген. Айғақты зат ретінде тәркіленген бағалы бұйымдар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («ұрлық») бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынып, оның басқа да жайттарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

 

 

Жоғары қарай