Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Ауыл тұрғыны 6 жасар қызды педофилдың шырмауынан құтқарып алды

2019 жылдың 12 маусым 2019 18:54

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында алты жасар қыз балаға шабуылдады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция Алакөл ауданындағы ауылдардың бірінде балаға шабуылдап, зорлауға ұмтылды деген күдікпен 25 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, ер адам алты жасар қызды «дәрілік шөп тереміз» деп алдап, ауылдан оқшау жерге алып шыққан да, зорламақ болған. Абырой болғанда, баланың жан даусын жергілікті тұрғындардың бірі естіп қалған. Сол заматта оқиға орнына жүгіріп жетіп, баланы педофилдің шырмауынан құтқарып алады. Қаскөй ол жеткенше баланы шешіндіріп үлгерген.

«53 жастағы ауыл тұрғыны тез арада учаскелік полицейді шақырып, ол келгенше күдіктіні ұстап отырған. Қыз аман-есен. Педофил арам ойын іске асырып үлгермеген. Қазір күдікті қамауға алынған, Алакөл аудандық полициясының изоляторында отыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, полицейлер баланың тағдырына араша түскен ер азаматқа алғыс білдірмек.



Автор: Хасан Еспанов

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай