Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ауыл шаруашылығына қандай өзгерістер керек - ВВС

2019 жылдың 11 маусым 2019 21:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Планетамыздағы адамдар саны 2050 жылы 10 миллиардқа жетеді. Мұнша адамды тамақтандыру үшін рекордты мөлшерде азық-түлік өндіруге туралы келеді. Сол себепті ауылшаруашылық саласын өзгерту керек», деп жазады ВВС басылымы.

«10 миллиард адамды тамақтандыру үшін негізінен ауыл шаруашылық саласына бірнеше өзгеріс енгізу керек. Біріншіден, робот-фермерлерді құрастырған жөн. Бұл фермерлерге тракторда жүріп қара жұмыс істемей, басқа жұмыстарға көңіл бөлуге септігін тигізеді. Small Robot Company компаниясы фермерлерге арналған Том, Дик, Гарри атты роботтарды құрастырған болатын. Бұлар түзде жұмыс істеп, өсімдіктерді сараптап, қажетті мөлшерде су құя алады» деп жазады автор.

Екіншіден, трактормен істелетін жұмысты роботтарға тапсыру керек. Трактор ауыр болғандықтан, топырақты таптайды. Топырақ тығыздалып, ауа мен суды ұстап тұру көрсеткішін азайтады. Ал трактордың орнына жеңіл роботтарды пайдалану осы проблемаларды шешуге көмектесе алады.

«Үшіншіден, қалдықтарды қайта өңдеу керек. БҰҰ мәліметтеріне сенсек, өндірілген азық түліктердің үштен бір бөлігі қоқысқа тасталады. Ауылшаруашылық өнімдері экспорты бойынша бірінші орында тұрған АҚШ пен екінші орындағы Нидерландыға қарап-ақ қалдықтардың үлкен проблема екенін көруге болады. Нидерланды Еуропадағы алғашқы болып 2030 жылға қарай қалдық санын екі есе азайтуға бекініп отыр» деп жазады автор.

Оның пайымынша, 2050 жылы 10 миллиард адамды тек ауыл шаруашылығы мен тамақ өндірісі салалары тұрақты болса ғана азық-түлікпен толық қамтуға болады.

Жоғары қарай