Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

«Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасын баспасөзде жариялайды

2019 жылдың 11 мамыр 2019 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауалды бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сайлауалды бағдарламамызды алдымен республикалық газеттерде жариялаймыз. Одан кейін, бұқаралық ақпарат құралдары ішінде телеарнаға кандидатымыз өзінің сайлауалды бағдарламасымен ертең шығатын болады. Біздің ойымызша, осы сайлауалды үгіт-насихат басталғаннан кейін шамамен он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жариялаймыз. Бірақ бүгінгі таңда сайлауалды бағдарлама брошюра үлгісінде дайын. Ертең өзіміздің сайтымызда да негізгі бағыттары жарияланатын болады», - деді Ә.Бектаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап өз жұмысын бастаған республикалық және аймақтық штабтар сайлауалды үгіт-насихат аясында 100-ден астам шараны ұйымдастырады. Соның ішінде саналуан кездесулер мен мәдени-спорттық шаралар бар. Негізгі мақсат - кандидаттың сайлауалды бағдаламасын халыққа жеткізу.

«Әрине, бұндай кездесулерді әрбір ауылда, әрбір елді мекенде өткізу мүмкін емес шығар. Ол үшін сайлаушылардан алдын ала кешірім сұраймыз. Бірақ республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, соның ішінде теледидар арқылы, газет пен радио арқылы кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын, негізгі жұмысымызды және мақсат-міндетімізді жеткіземіз», - деп атап көрсетті Ә.Бектаев.

Айта кетейік, бүгін «Ауыл» партиясының атынан ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбековтың республикалық қоғамдық штабы өз жұмысын бастады. Бұдан бөлек, аймақтық штабтар да жасақталды.

Жоғары қарай