Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Ауыл квотасымен білім алғандар өз міндеттерін орындап жүр ме

2018 жылдың 12 қазан 2018 18:19 322

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚХА депутаттық тобының отырысында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко ауыл квотасымен ЖОО-да білім алғандардың тек 43 пайызы ауылда жұмыс істеуге баратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылға қарай ауылдағы өнімділік деңгейін 2,5 есеге арттыру ұсынылды. Сонымен бірге, ауылдық жерлерде еңбекақы деңгейі төмен болып тұр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, соңғы 5 жылда тракторлар мен комбайндар құны екі есеге, ал ауыл шаруашылығы жабдықтары бағасы 1,9 есеге артқан. Қажетті көлемде тыңайтқыштар себілмегендіктен, егіс алқаптарында топырақ құрамы тозып жатыр. Техниканың жартысынан астамы 18 жылдан бері пайдаланылып келеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында ауыл квотасымен білім алып жатқан жастардың тек 43 пайызы ғана елді мекендерге оралып жатыр, сондай-ақ  олардың жұмыспен қамтылуы деңгейі де көңіл көншітпейді», - деді Владимир Божко.

Осы орайда, ол Мәжілістегі ҚХА депутаттық тобы алдағы аптада өңірлерге жасаған сапары кезінде аталған мәселелерге ерекше мән беруі қажеттігін жеткізді.

«Ауылдарда дәрігерлердің, мұғалімдердің, ветеринарлардың, педагогтардың, механизаторлардың және басқа да кәсіп иелерінің жетіспеушілігі байқалып отыр», - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 17-27 қазан аралығында Қазақстан халқы Ассамблеяның депутаттық тобы өңірлер сапармен болады.  Осы орайда ҚХА-ның депутаттық тобы ҚХА Хатшылығымен бірлесе Мемлекет басшысы Жолдауын тиімді жүзеге асыру мәселелеріне екпін қоймақ. 

Сонымен қатар, депутаттар өңірлерге сапарлаған кезде балабақшалардың бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталуына назар аударады. 

Айта кетейік, жақында Мәжілісте өткен талқылау кезінде не себепті кейбір аудан орталықтарына жас мамандар бармайтындығы айтылған еді. 

 

 

Жоғары қарай