Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Аутизмге шалдыққан баланы қоғамға бейімдеп, бойындағы қабілетін ашу керек - маман

2019 жылдың 2 сәуір 2019 18:48 817

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай талдықорғандық аналар бас қосып, өз ойларын ортаға салды. Облыс орталығында құрылған «Өзге өмір» атты қоғамдық ұйымда 60-тан астам баланың анасы топтасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аутизм дертіне шалдыққан балалар Алматы облысында да аз емес. «Өзге өмір» қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, өңірде ондай балалар саны аз емес. Облыстық білім басқармасында 250-ге жуық бала тіркелсе, денсаулық сақтау басқармасында 80-ге жуық бала есепте тұр. Ал жұмыспен қамту бөлімдерінің тізімінде аутизм дертіне шалдыққан 40-тан астам бала ғана бар.

«Бұл көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін» дейді қоғамдық қор жетекшісі және құрылтайшысы Камилла Ситасманова. Себебі аталған мемлекеттік мекемелердің балалардың құжатын рәсімдеу параметрі әртүрлі. Сондай-ақ көптеген ата-ана баласының дертін жасырып қалғысы келеді.

«Керісінше, баланы қоғамға бейімдеп, бойындағы қабілетін ашуға жағдай жасауымыз қажет» деген ұйым жетекшілері басқа аналарды да бірігуге шақырды. Камилла Ситасманованың айтуынша, тек бірігіп қана ананың иығына түскен ауыртпалықты жеңілдетуге болады.

 

 

Жоғары қарай