Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ауа райы: Қазақстанның тағы төрт облысында ескерту жарияланды

2020 жылдың 15 ақпан 2020 15:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында 16 ақпанда тұман, көктайғақ және бұрқасын болуы мүмкін.

Ал Ақмола облысында күндіз қар жауып, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында күндіз - көктайғақ.

Бұл күні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында күндіз қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

16 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ байқалуы мүмкін, батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Сонымен бірге, Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жоғары қарай