Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Ауа райы: Бүгін республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

2019 жылдың 10 тамыз 2019 06:00 157

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары атмосфералық қысым мен оңтүстіктен келетін құрғақ циклонның ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде 10 тамыз күні күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 10 тамыз күні елдің тек солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы мен батысы ғана Мәскеуден келетін циклонның ықпалында болады. Соның салдарынан жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-шығыста жел күшейіп, түнде тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, дауыл тұруы да мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау облыстарында және Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде және Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай