Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Атыраулықтарға көшет​тер тегін таратылады

2019 жылдың 5 сәуір 2019 21:24 828

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулықтарға көшет​тер тегін таратылады. Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және​ ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттер тегін беріледі. Облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған шара дәстүрге айналдырады.

«Қаланы көгалдандыру - жергілікті биліктің ғана емес, қала тұрғындарының да басым ​міндеттерінің бірі. «Жыл сайын бір жерге​ ғана талдар егіледі, уақытында суарылмайды және дұрыс күтім жасалмайды» деген қала тұрғындарының шағымдары әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. ​ Бұл жолы біз тұрғындарға өздері бастама көрсетіп, көшеттерді қалаған жерлеріне отырғызуды ұсындық», - деді қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. Ұзақ Тұсаев.

Ұзақ Тұсаевың айтуынша, көшеттерді тарату барысында тұрғындарға​ ағаш отырғызу ұсынылатын жерлер ескертіледі. Бұл, негізінен, қаланың әлеуметтік мекемелері - балабақшалар, мектептер, емханалар және ауруханалар.

Көшеттерді тарату акциясы​ 18 және 19 сәуірде «Арнаулыавтобаза» ЖШС аумағында, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі. Ал тал егу сенбі 20 сәуірге жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 16 наурызда бастап Атырауда екі айлық санитарлық-тазалық науқаны басталды. Егер бұған дейінгі жалпықалалық сенбіліктер «Таза жағалау» акциясы аясында өткізілсе, келесі сенбіліктер облыс орталығын көгалдандыруға арналатын болады. 

Жоғары қарай