Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Атыраулықтар автобустар қозғалысын «онлайн» режімінде бақылай алады

2019 жылдың 6 тамыз 2019 21:42

АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырауда қоғамдық көліктерді пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Infobus» мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді атыраулықтар нақты уақыт режімінде автобустардың қозғалысын бақылай алады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «nfobus» мобильді қосымшасы іске қосылды.
«Біз GPS трекерлері бар 140 жаңа автобусты жабдықтадық. Енді атыраулықтар аялдамаға автобустың келетін уақытын көре алады. Жаңа қосымша автобусты күту уақытын үнемдеуге көмектеседі», - деді « Smart Атырау » ЖШС директоры Әділбек Танкиев.
Айта кету керек, Атырауда қоғамдық көліктерде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру кезінде дифференциалды тариф енгізілетін болады. Бұл тарифтердің электрондық төлем жүйесіне ең қысқа мерзімде өтуге мүмкіндік береді.

Жоғары қарай