Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Атыраулық оқушы Шри-Ланкадан күміс медальмен оралды

2019 жылдың 11 сәуір 2019 19:11 1108

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Диляра Ғабитова Шри-Ланкада юниорлар арасында өткен Азия чемпионатында шахматтан күміс медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайыста Зияткерлік мектеп өкілі блиц, рапид және классика санатында керемет нәтиже көрсетті. Диляра Ғабитованың қоржынында алыс-жақын шет елдердегі турнирлерден медальдар көп. Ол 2018 жылы Прагада жас шахматшылар арасында өткен додада бірінші орынды иеленді. Қазіргі таңда атыраулық оқушы шахматтан спорт кандидаттығына үміткер.

null 

Asian Chess Championship - 2019 халықаралық байқауында әлемнің 23 мемлекетінен 572 ойыншы бақ сынады. 18 жасқа дейінгі Азия чемпионаты Шри-Ланканың Калутара қаласында өткен.

«Мен бір кездері шахмат ойнауды доғарғым келген. Бірақ әкем спорттың бұл түрінен қол үзбе дейтін. Ол менің шахмат ойындарында үлкен жетістіктерге жететініме сенді. Қазір ойласам, әкем дұрыс айтқан екен. Өкінішке орай ол менің жеңістерімді көрмейді, себебі қасымда емес. Сондықтан мен әр жаңа жеңісімді әкемнің рухына арнаймын», - дейді шахматшы қыз.

null 

 

 

Автор: Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Жоғары қарай