Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

2019 жылдың 4 шілде 2019 20:56 1073

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Білім-инновация лицей-интернатының оқушысы Айбек Мырзатаев математика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медаль иегері атанды. Оны жеңісімен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жеке құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кипр елінің Ларнака қаласында 23-ші жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы өтті, оған 17 ресми командадан құралған 112 адам қатысты, олардың ішінде 10 команда Балкан аймағынан болса, қалған 7 қонақтық командалар, оның ішінде біздің Қазақстан құрамасы да болды.  Олимпиаданы Кипр Республикасының математиктер одағы ұйымдастырған. Қазақстан командасы бірнеше жылдар бойы қонақ ретінде үздіксіз қатысып келеді. Балкан Жасөспірімдер Олимпиадасының тарихында тұңғыш рет Қазақстан құрамасы бейресми командалық жарыста 17 қатысушы командалар арасында екінші орынға ие болды. Олимпиада нәтижесі бойынша  Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медальді жеңіп алды. Алтын медальдің бірін Атыраулық оқушы Айбек Мырзатаев жеңіп алды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Айбек Мырзатаевты, оның әкесі Исатай Сабитовты және Білім-инновация лицей-интернатының директоры Эльма Исмаилды қабылдады.


null 

"Менің әріптестерім және мен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және осындай табысқа жеткеніңізге қуаныштымыз. Сөз жоқ, бұл сіздің ата-анаңыздың және мұғалімдеріңіздің еңбегі. Қазір сен басқа оқушыларға үлгі болдың, ендігі саған қарап басқалары бой түзейтін болады. Барлық өмірлік сынақтарда бірінші орындарда тұруыңа тілектеспін", - деді Нұрлан Ноғаев.             



null 

Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Білім, Атырау облысы,
Жоғары қарай