Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Атыраулық келіншек қайын атасының 2 млн теңгесін ұрлап кетті

2019 жылдың 17 сәуір 2019 22:54 781

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында келіні қайын атасынан 2,8 млн теңгенің мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотында азаматша М.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол үй іші ұйықтап жатқанда қайын атасының пәтерінен киім-кешек, бағалы әшекей бұйымдары мен ақша ұрлады деп айыпталды. Қылмыстық әрекеттен жәбірленушіге 2 808 000 теңге мөлшерінде залал келген», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Басты сот талқылауында сотталушы айыбын мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Қылмыстық істі тоқтатуды өтінді.

«Сотта жәбірленуші ұлының жұбайы әрі немерелерінің анасы болғандықтан сотталушыны кешірді. Ол қылмыстық іс өндірісін тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Келтірілген залал толық қайтарылып, тараптар келісімге келгендіктен, сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатты», - деді соттың баспасөз қызметі.

Автор: А. Соколов

 

 

Басты сөздер: Сот, Атырау облысы,
Жоғары қарай