Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Атыраулық 40 сарбаз әскерге аттанды

2018 жылдың 12 қазан 2018 18:33 307

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Жеңіс саябағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына қабылдау салтанаты өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атыраулық 40 сарбаз Тараз қаласындағы құрлық әскеріне шұғыл әскери қызметке жіберілді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев болашақ жауынгерлер, олардың туыстары мен жақындары алдында сөз сөйледі.

«Бүгін біз қазақстандық әскер қатарына жас жігіттерімізді Отан алдындағы борышын атқаруға жібереміз. Бірақ, борыштан бөлек, әскери қызмет - сарбаз үшін ең жақсы өмірлік мектеп. Әскердегі қызмет - жетілу, мінез, батылдық үшін өмірлеріңіздегі алғашқы сынақ. Бүгінде еліміз - әлемдік кеңістікте лайықты орны бар мемлекет. Бұл, әлбетте, Елбасымыз, Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы сарабдал саясатының арқасы. Қазақстандық әскерде материалдық-техникалық база, әлеуметтік көмек тұрғысынан барлық жағдай қарастырылған. Бұл біздің әскерге шекарамызды қорғауда алға қойылған стратегиялық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Жас сарбаздарға азаматтық борышын лайықты түрде өтеп, анттарына адал болуды тілеймін», деді Нұрлан Ноғаев. 


null 

Облыс басшысы сонымен қатар, жауынгерлерге әскери қызмет қиындығына мойымай, абыройлы қызметтен үйлеріне аман оралуды аманат етті. Басты міндет - жас ұрпақ санасында өз елі мен болашағына деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ояту. Көптеген жастар Отанға қызмет ету - әрбір ер азаматтың борышы екенін түсінеді.

Атырау облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы, полковник Батырхан Ақбалиевтың айтуынша, бүгінгі жауынгерлердің әрқайсысы нағыз сарбаз болуға лайықты. 

«Әскердегі қызмет кешегі жасөспірімді келешек Отанына адал ер азамат етіп тәрбиелейді. Ақ жол тілейміз», - деді Батырхан Ақбалаев.

Салтанатты шара кезінде Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш және сарбаздардың туыстары да өз тілектерін білдірді.


null 

Айта кетейік, 10 қыркүйекте Қазақстанда сарбаздарды күзгі Қарулы Күштер қатарына шақыру басталған болатын. Республика бойынша 1992-2000 жылы туған 17 мыңнан аса азаматты әскер қатарына қабылдау жоспарланған. Атырау облысынан күзгі маусымға 826 сарбаз шақырылды. 215-і әскери бөлімдерге орналасуға жіберілді. Олардың 175-і ҰҚК Шекара қызметіне, 40-ы Қарулы Күштер қатарына қабылданды.             

 

Жоғары қарай