Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Атыраудағы мамандандырылған ХҚО халыққа 50 мың қызмет түрін көрсеткен

2019 жылдың 24 тамыз 2019 19:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жарты жылда халыққа 50 мыңнан астам қызмет түрін көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, орталықтың ашылғанына алты ай ғана болған.

«Цифрландырудың арқасында келушілер қызметтердің жартысын электронды түрде алып жүр. Бұл біздің де, олардың да уақытын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ, қызмет сапасына да игі әсер етеді. Болашақ автожүргізушілерге тиісті дағдыларды көрсету үшін арнайы 4 жеңіл көлік қарастырылған. Уақыт өте келе тағы бірнеше автобус пен жүк көлігін аламыз деп отырмыз. Шілде айының өзінде орталық 2,5 мың жүргізуші куәлігін үлестірді», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Тұрлан Ержанов.

Мамандандырылған ХҚО-да сондай-ақ медициналық кабинет, дәмхана және банк кассасы орналасқан.

Жоғары қарай