Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Атыраудағы «Ақ Жайық» табиғи резерваты әлі өртеніп жатыр

2018 жылдың 18 шілде 2018 13:40 593

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы «Ақ Жайық» табиғи резерваты әлі өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақ Жайық» резерватындағы өрт 16 шілдеде басталды, облыс орталығының бүкіл аумағын түтін басты. Жанып жатқан қамыстың негізінен батпақты жерлерде өсуіне байланысты өртті ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Мамандар техниканың жоқтығын алға тартуда.

Кеше табиғи қорықтың 18 гектар аумағы өртенді. Өрт әлі жалғасып жатыр.

Бүгін «Ақ жайық» резерватында басталған өрт үшінші күнге жалғасуда. Бірақ жел бағытының өзгеруіне байланысты, өрттен шыққан түтін Каспий теңізіне қарай ойысты. Атыраулықтар үшін дем алу жеңілдегенімен, бәрібір жанған қамыстың иісі сезіліп тұр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өртті сөндіруге 50 адам жұмылдырылды.

17 шілде күні, «Казавиаспас» АҚ-ның Ми-8 тікұшағы да өрт сөндіруге жұмылдырылып, тәулігіне 70 тоннаға жуық су шашты.

 

 

Жоғары қарай