Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Атырауда жылына 435 тонна бройлер еті өндіріледі

2020 жылдың 19 ақпан 2020 12:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Құрманғазы ауданында жылына 435 тонна бройлер еті өндіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тұрғындармен есепті кездесуінен мәлім болды.

Бройлер етін өндіріс орнының бірінші желісін «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосып, осы кезге дейін 17 тонна құс етін өндірді. Өнім сапасы жоғары, бір тауықтан 2,7 кило ет алынады. Енді биыл өндіріс орны толық қуатында жұмыс істей бастамақ. Сол кезде мұнда жылына өндірілетін бройлер етінің көлемі 435 тоннаға жетеді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, бұған қосымша жылына 5 тонна құс етін өндіруді жоспарлаған «Мекен Чикен» серіктестігінің жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

Жолдасбек Көшербайұлы


Жоғары қарай