Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Атырауда «Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер маска тігіп жатыр

2020 жылдың 1 сәуір 2020 23:40

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Атырауда «Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер тегін медициналық маска тігіп таратуды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Игі бастама «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен жүзеге асырылып отыр. Мақсат – төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсету, оның ішінде балалар мен қарттар үйіне және аз қамтылған отбасылар мен қала тұрғындарына жәрдемдесу.

Жуырда қолға алынған бұл бастамаға он беске жуық әйел жұмылдырылған. Олар күніне 300 медициналық бетперде тігіп, халыққа таратады.

«Құранда бір-бірлеріңе жақсылықта көмектесіңдер деп жазылған. Сол үшін, бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деп көмек ретінде осындай іс атқарудамыз. Материалын айтар болсам, мақта матадан тігіліп жатыр. Бұл маскаларды бірнеше рет жуып қайта пайдалануына болады, -дейді «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының қызметкері Перизат Еркебай.


Басты сөздер: Атырау облысы, Коронавирус,
Жоғары қарай