Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Атырауда жол-көлік оқиғалары мен жарақат алу азайды

2020 жылдың 6 сәуір 2020 15:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Карантин енгізілгеннен кейін Атырау облысында жол-көлік оқиғалары мен жарақат алушылар саны едеуір азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Сайын Шомировтың мәлім етуінше, карантин енгізілгенге дейін травматологиялық бөлімшенің дәрігерлері тәулігіне 150-200 пациентті қабылдап келген. Ал, 27 наурыздан бері жарақат алғандардың саны күніне 30 адамға дейін қысқарған.

«Атырау тұрғындары коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин талабын орындауының нәтижесінде жарақат алушылардың саны едеуір азайды деп ойлаймын. Жеке автокөлік қозғалысын шектеу де жол-көлік оқиғалары мен апат салдарынан зардап шегетіндер қатарының азаюына әсер етті»,- деді Сайын Шомиров.

Қазіргі уақытта Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы тіркелген.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 22 адам індетті қалай жұқтырғаны мәлім етілді.



Жоғары қарай