Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Атырауда «Тұлғалар аллеясы» ашылды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 10:07 510

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда халқымыздың біртуар азаматтарының құрметіне «Тұлғалар аллеясы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде пайда болған аллеяға білім, ғылым, мәдениет және өнер саласында айрықша із қалдырған тұлғалардың бюсттері орнатылды. Атап айтқанда, Мұхамбет-Салық Бабажановтың, Мұрат Мөңкеұлының, Бақтыгерей Құлмановтың, Ығылман Шөрековтің, Салық Зимановтың, Зейнолла Қабдоловтың, Нұрмұхан Жантөриннің, Әбіш Кекілбаевтің ескерткіш-бюсттері қойылды.

Салтанатты шараға ардақты азаматтардың ұрпақтары, туыс-туғандары қатысты. Олардың қатарында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет және Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтардың иегері, ақын Қойшығұл Жылқышиев, академик Зейнолла Қабдоловтың баласы Бақыт қажы Қабдолов, Нұрмұхан Жантөриннің қызы Бахыт Жантөрина, академик Салық Зимановтың келіні Жаннат Зиманова болды.


null 

Аллеяның ашылуы барысында Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің құттықтау хаты оқылды.


null 

 

 

Жоғары қарай